• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қаржы министрлігінде Қазақстандағы мүлік пен капиталды заңдастыру үдерісі түсіндірілді

Қаржы министрлігінде Қазақстандағы мүлік пен капиталды заңдастыру үдерісі түсіндірілді

4 Қыркүйек, 2014 13:26
ОКҚ брифингінде ҚР қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев Қазақстандағы мүлік пен капиталды заңдастыру процедурасын түсіндірді.

«Қазақстан Республикасы аумағындағы мүлікті заңдастыру үшін заңдастыру субъектінің жергілікті әкімдіктер жанындағы заңдастыру комиссиясына баруы керек. Ол үшін өтініш жазып, жеке басын куәландыру құжатының көшірмесін шығарып, жылжымайтын мүлікті заңдастыратын болса қосымша жылжымайтын мүлік нысанының құрылыс нысаны нормалары, ережелеріне сай келуіне сарапшының аттестацияланған мөрі мен техникалық құжаты қажет», - дейді.

Ал ҚР сыртындағы мүлікті заңдастыру үшін ҚР жанындағы мемлекеттік табыс аймақтық бөлімше комитеттері тарапынан құрылған комиссияға баруы керек.

«Қаржыға келетін болсақ, Қазпошта немесе екінші деңгейлі банктерге баруы тиіс. Осылайша 206110 жинағын заңдастыратын соманы аударуға арналған бюджеттік біліктілік арнайы кодын ашуы қажет. Заңдастырылатын қаражат арнайы шотқа аударылады», - дейді А.Теңгебаев.

Камила Амирова

 

Барлық жаңалықтар