ШҚО-да төрт елді мекенге ортақ ОДА ашылды

4 Қыркүйек, 2014 12:46
ШҚО-ның Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылында отбасылық дәрігерлік амбулаторияның салтанатты ашылуы өтті.

«Тек осы жылы ғана облыс бойынша 14 ауылдық амбулоториялық орталықтардың құрылысы жүргізілуде», - деп хабарлады ОДА ашылу салтанатында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев.

ШҚО-ның Ақпараттық орталығы хабарлағандай, облыс әкімі жедел медициналық көмек көрсету көлігінің кілтін аурухананың бас дәрігеріне ұстатты.

Айта кетерлік жайт, амбулаторияда 4 елді мекеннің тұрғындары қаралатын болады. Атап айтар болсақ, Жетіарал, Асусай, Қамысты мен Жалғызтал. 3,5 мың түтіні бар Жетіарал ауылдық округінің тұрғындарына жаңа амбулотория іске қосылғалы аудан орталығына шабылу қажет емес.

«Біздің ауыл үшін бұл шын мәнінде мереке. Мәселен, мен кішкентай баламмен Ақсуаттағы ауруханаға баруым керек болатын, ал енді барлығы жеңілденді», - деп ағынан жарылды ауыл тұрғыны Айнұр Құсманова.

Барлық жаңалықтар