- Басты
- Жаңалықтар
- Nif50k Инновациялық бизнес-жоспарлар байқауының 16 үздік жобасы анықталды
Nif50k Инновациялық бизнес-жоспарлар байқауының 16 үздік жобасы анықталды
Іріктеуді барлық облыстарда және Алматы мен Астана қалаларында бизнес, ғылыми орта және жергілікті билiк өкілдерінен құрылған өңірлік сараптама комиссиялары жүргізді.
Жалпы, биыл NIF50K инновациялық бизнес-жоспарлар сайысына түскен өтініштер саны 576-ға жетті. Жыл сайын байқауға қатысуға ниет білдірушілердің саны артып келеді.
Атап айтсақ, 2013 жылмен салыстырғанда (376 өтініш), биыл өтініш саны 53.2%-ға артқан. Биылғы жылы сайысқа қатысуға ең көп өтініш Астанадан - 72, Оңтүстік Қазақстан облысынан - 65, Алматы қаласынан - 59, Ақтөбе облысынан - 42 түсті. Сайысқа негізінен өңдеу өнеркәсібі (18.7%), ауыл шаруашылығы (15.2%), ақпараттық технологиялар (9%) және энергетика (7.8%) салаларындағы жобалар тапсырылды.
Ең аз өтінім туризм (0.6%), қонақұй бизнесі және сауда (0.6%), фармацевтика (0.5%), металлургия (0.1%) салаларында тіркелген. Гендерлік бөліністе жобалардың басым бөлігі ерлер тарапынан тапсырылған, жалпы өтінім берушілердің ішінде 102 жобаның санын әйелдер құрап отыр.
Сайысты өткізу ережелеріне сәйкес орталық сараптама комиссиясы мүшелерінің бағалауы және ашық дауыс беру нәтижелері бойынша сайыс жеңімпазы 7.5 млн теңге көлемінде грантқа ие болады. Екінші және үшінші орын алған жеңімпаздар 2.5 және 1 млн. теңге ақшалай марапатталады.
Үздік идея авторлары өздерінің инновациялық жобаларын «Хабар» телеарнасында 2014 жылғы 4 қырқүйектен бастап «Инновациялык форсаж» интеллектуалдық теле-шоуында қорғайды.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы