- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады
Мемлекет басшысы С.Лавровтың Қазақстанға сапарына ықылас білдіріп, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.
«Қазақстан мен Ресей жоғары деңгейде қарым-қатынас жасап келеді. Бұған елдеріміздің сыртқы істер министрліктері мен елшіліктерінің қосқан үлесі зор. Біздің екіжақты ынтымақтастығымыз өзге елдер үшін үлгі бола алады деп ойлаймын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Ресей Сыртқы істер министрін G20 саммитінің сәтті өтуімен құттықтап, осынау ауқымды іс-шараның сапалы ұйымдастырылғанын атап өтті.
С.Лавров Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовпен жүргізілген келіссөздер, онда екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері қаралғаны, соның ішінде мемлекеттер басшылары кездесуіне дайындығы жөнінде нақты қадамдар белгіленгені туралы хабардар етті.
Бұған қоса, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің аспектілері мен халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді