- Басты
- Жаңалықтар
- Будапешт қаласындағы Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумына 100-ден астам кәсіпкер қатысты
Будапешт қаласындағы Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумына 100-ден астам кәсіпкер қатысты
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, форум шеңберінде Мажарстанның бизнесмендері Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі жақтарымен, елдегі қоғамдық-саяси мен экономикалық түбегейлі өзгерістерімен, Астана қаласында өтетін «Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жұмыстарымен таныстырылды.
«Форум қатысушыларының назарына Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «2020 Бизнестің жол картасы», Еуроазиялық экономикалық одағы мен Кедендік Одақ, сондай-ақ еліміздің инвестициялық тартымдылығының маңызды бағыттары ұсынылды. Сонымен қатар, еліміздің басым жобаларын жүзеге асыруға атсалысу үшін мажар бизнесмендері Қазақстанға шақырылды», - делінген хабарламада.
Ұлттық экономика министрі Михай Варга еліміздің тәуелсіздік алғалы 22 жыл ішінде экономикалық өсім жағынан қол жеткен зор жетістіктерімізді атап өтті. Оның пікірінше, Қазақстан Республикасы серпінді дамып келе жатқан мемлекет және Орталық Азия аймағындағы экономикалық түбегейлі өзгеріс саласында және еліміздің халық әл-ауқатының өсуде үлгілі елдің бірі болып табылады. Қазақстанның экономикалық келешегін, ауқаттылығы мен әлеуетін атап өтіп, Михай Варга Мажарстан Үкіметінің «Шығысқа экономикалық жолын ашу» бағытын жүзеге асыру үдерісінде еліміздің ұзақ мерзімді серіктес ретіндегі ерекше рөлін атап өтті.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді