• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасы:2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап инвесторларға арналған «бір терезе» қағидатын кеңейту қажет

Елбасы:2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап инвесторларға арналған «бір терезе» қағидатын кеңейту қажет

3 Қыркүйек, 2014 18:28
Бүгін Парламент палаталарының отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап инвесторларға арналған «бір терезе» қағидатын кеңейту қажет екендігін айтты.

 «Заңды тұлғаларды тіркеудің оңай жолын қарастыру қажет. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлік субъектілерін жою үрдісін жеңілдету қажет. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап инвесторларға арналған «бір терезе» қағидатын кеңейту керек», - деді Н. Назарбаев.

Оған қоса, Мемлекет басшысы әлеуетті келісім шарт бойынша келісім орнатқан инвесторлар үшін бұл қағидат 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін жалғасатындығын айтты.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар