• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е. Досаев: МАҚБ инспекциялар мен департаменттерінің қызметтері ЖАО –ға берілуіне байланысты жеңілдетіледі

Е. Досаев: МАҚБ инспекциялар мен департаменттерінің қызметтері ЖАО –ға берілуіне байланысты жеңілдетіледі

3 Қыркүйек, 2014 17:14
Аймақтық жер инспекциялары мен архитектуралық құрылысты қадағалау департаменттерінің штат саны жергілікті атқарушы органдарға берілу арқылы қызметтері жеңілдетіледі, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

«Аймақтық жер инспекциялары мен архитектуралық құрылысты қадағалау департаменттерінің 515 штат санының 54  жергілікті атқарушы органдарға берілу арқылы қызметтері жеңілдетіледі», - деп хабарлады ведомство басшысы.

Сонымен қатар, Е. Досаев атап өткендей, архитектура және құрылыс саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау функциясы Ұлттық экономика министрлігінің бір комитетінде қалады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгiн Мәжiлiстiң Экономикалық реформа және өңiрлiк даму комитетiнiң отырысында «Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерiстер енгiзу туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасы мен «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiліктердiң аражiгiн ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР заң жобасы таныстырылды. «Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерiстер енгiзу туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасымен 15 Кодекс пен 125 заңға өзгерiстер енгiзiлмек. Аталған құжат үкiмет пен орталық атқарушы органдардың арасындағы өкiлеттiліктердiң аражiгiн ажырату мақсатында әзiрленген.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар