- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада жастардың республикалық бизнес идеялар байқауы өтеді
Астанада жастардың республикалық бизнес идеялар байқауы өтеді
3 Қыркүйек, 2014 17:05
Астанада 5-7 қыркүйек аралығында жастардың республикалық бизнес идеялар байқауы өтеді, деп мәлімдеді «Атамекен Startup» қоғамдық қорының директоры Нұрлан Тазабеков Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
«Астанада 5-7 қыркүйек аралығында Қазақстан мен ТМД-ның ірі коворкинг орталығында жастардың республикалық бизнес идеялар байқауы өтеді», - деді Н.Тазабеков.
Байқаудың жүлде қоры 3 млн теңге.
«3 аталым бойынша үздік байқаулар таңдалады: ақпараттық-коммуникациялық технология саласы, қызмет көрсету өндірісі саласы мен үздік әлеуметтік бағытталған жоба», - дейді «Атамекен Startup» қоғамдық қорының директоры.
Сонымен қатар, оның айтуынша, 2012-2013 жылдары қор тарапынан бизнес идеялардың 20 шақты байқауы ұйымдастырылды. 2014 жылы 17 байқау өткізу жоспарланған. Айтпақшы, ұйымдастырушылар 8 қаланы аралап, жастарға арналған бірқатар шаралар өткізді.
Камила Амирова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады