• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жергілікті атқарушы органдарға орталық атқарушы органның 261 қызметі беріледі

Жергілікті атқарушы органдарға орталық атқарушы органның 261 қызметі беріледі

3 Қыркүйек, 2014 17:02
Жергілікті атқарушы органдарға орталық атқарушы органның 261 қызметі беріледі, деп хабарлады Мәжілістің пленарлы отырысында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

 «Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерiстер енгiзу туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасына сәйкес, үкiметтен министрлiктерге 1598 мемлекеттік функция берiлмек. Оның ішінде: әлеуметтiк салада - 98 функция; ауыл шаруашылығы саласында - 227; көлiк, байланыс және коммуникация саласында - 225;  энергетика саласында - 83. Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдарға орталық атқарушы органның  261 функциясы беріледі», - деді сөз басында ведомство басшысы.

Жалпы, «Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы» ҚР Конституциялық заңына үкiмет, министрлiк және олардың ведомстволарының, үкiметтiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың құзыретiн нақтылау бөлiгiнде өзгерiстер енгiзу көзделiп отыр.

«Министрлiктердiң ведомстволарына реттеу, iске асыру және қадағалау функцияларын жүзеге асыру бойынша ведомстволардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша, нормативтiк-құқықтық актiлердi бекiту бойынша функциялар бекiтiледi», - дейдi Ұлттық экономика министрi Ерболат Досаев.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар