• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжілісте «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңына енгізілетін өзгерістер таныстырылды

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңына енгізілетін өзгерістер таныстырылды

3 Қыркүйек, 2014 16:03
Бүгін Мәжілістің пленарлы отырысында Экономикалық реформа және аймақтық даму комитеті аясында «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің ара-жігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының таныстырылымы өтті.

««Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ҚР Президентінің жарлығымен анықталды», - деді ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, ведомство басшысы түсіндіріп өткендей, заң жобасы 15 кодекске және 125 ҚР заңнамасының актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Айта кетерлік жайт, ҚР 15 кодексіне Жер кодексі, Орман кодексі, Су кодексі, Еңбек кодексі, Экология кодексі, Бюджет кодексі, Азаматтық процессуалды кодексі сынды бірқатар кодекстер кіреді.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар