- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылды
Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылды
«Кафедра ашудағы басты мақсат - қазақ халқының тарихы мен мәдениеті, оның мемлекеттілігі, Еуразия тарихындағы орны мен рөлі туралы білімді тарату, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, этностық мәдениеттерді, тілдер мен Қазақстан халқының дәстүрлерін дамыту болып табылады», - делінген хабарламада.
Кафедраның меңгерушілігіне қоғамтанушы-ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Мыңжас Нұрлыбек Кәрібозұлы тағайындалды.
Кафедра құрамының басым бөлігі ғылыми атағы және мәдени-көпшілік және саяси-қоғамдық жұмыстарда тәжірибелері бар оқытушылар. Кафедра оқытушыларының құрамында Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық хатшылығын 15 жылдай басқарған, қазіргі кезде «Қоғамдық келісім орталығы» ММ-нің бөлім басшысы қызметін атқаратын Асылбек Жұмабаев та бар.
Кафедра университеттегі барлық мамандықтар бойынша білім алушыларға «Әлеуметтану», «Қазақстандағы этносаралық қатынастар», «Қазақстандағы этностардың тарихы мен мәдениеті», «Әлеуметтік этнография және демография», «Этносаясат негіздері», «Конфликтология» пәндерінен дәрістер береді.
Бүгінгі күні кафедра оқу үдерісінде оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және қоғамдық-тәрбиелік жұмыстарын қамтитын жаңа оқу жылындағы жоспарына сәйкес өз қызметін бастады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді