• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жекешелендірудің екінші толқыны аясында «ҰТДА» АҚ активтерін бәсекелестік ортаға шығарады

Жекешелендірудің екінші толқыны аясында «ҰТДА» АҚ активтерін бәсекелестік ортаға шығарады

3 Қыркүйек, 2014 16:15
«Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ жанындағы 6 технологиялық парк пен 4 құрастыру бюросы бәсекелестік ортаға берілуі ұсынылып, олармен үлестес болып табылатын ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер мен өзге де заңды тұлғалардың үлескер, тәуелді ұйымдары тізіміне енгізілді.

«Бәссауданы өткізудің алдын ала болжамды уақыты 2015 жылдың наурыз айы», - деп хабарлайды «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің ресми порталы.

Бәсекелестік ортаға «ҰТДА» АҚ қатысу үлесі бар «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-мен үлестес ұйымдарды беру жоспарлануда.

Ұйымдардың бекітілген капиталда қатысу үлесін іске асыру Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікке ие серіктестіктер туралы» заң мен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-мен үлестес заңды тұлғалар капиталдарындағы үлеске қатысу тізімінің типтік ережесі және бәсекелестік ортаға «ҰТДА» АҚ-на берілетін заңды тұлғалар капиталындағы қатысу үлесін беру ережесінің талаптарын орындай отырып «Ақпараттық-тіркеу» АҚ тарапынан анықталған тәртіпке сай www.gosreestr.kz веб-порталында жүзеге асырылатын болады.

 

Барлық жаңалықтар