- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада шағын және орта кәсіпкерліктерге арналған зияткерлік меншік семинары басталды
Астанада шағын және орта кәсіпкерліктерге арналған зияткерлік меншік семинары басталды
«Семинар барысында Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттік саясат мәселесі, зияткерлік меншікті дамыту бойынша ұлттық стратегия, басқарма мен Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерліктің әлеуетін арттыру бойынша ұсыныстар қаралды. Барлығыңызға белгілі, шағын және орта кәсіпкерлік мәселесі жоғары мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселелердің бірі ретінде қаралады. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік саясат ұлттық экономика жүйесіндегі тиімді құрылымды қамтамасыз етуге мүмкіндік беруі керек. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты барлық мәселелер тікелей немесе жанама түрде зияткерлік меншікке өз әсерін тигізеді. Сол себепті аталмыш семинар Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге аталмыш мәселені жаңаша талқылаудың алаңы болып табылады», - дейді ҚР ӘМ ЗМК төрағасы Абзал Естаев.
Семинар ҚР шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерін өз кәсіпкерліктерінде зияткерлік меншік нысандарын қолдану мүмкіндіктерімен, шетелде зияткерлік меншікті қолдану тәжірибесі, зияткерлік меншік активтерін ішкі және халықаралық нарықта шағын және орта кәсіпкерліктердің бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру құралы ретінде пайдалануды тиімді басқару, зияткерлік меншік саласында бухгалтерлік есепті пайдалану, зияткерлік меншік негізінде активтер мен қаржыландыруды бағалауды таныстырады.
Семинар барысында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйым өкілдері ТМД елдерінде инновациялық шағын және орта кәсіпкерліктер рөлін арттыру бойынша олардың ұйымдарының зерттеулері туралы айта келіп, Қазақстанның шағын және орта кәсіпкерліктерінің зияткерлік меншік саласының алдында тұрған заманауи қатерлерді талқылады.
Шара Женевадағы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының қолдауымен ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК бірлесе отырып ұйымдастырылды.
Индира Қауметова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау