Мәжіліс бірқатар заң жобасын жұмысқа алды (ФОТО)

3 Қыркүйек, 2014 11:34
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлы отырысында бірқатар заң жобалары жұмысқа алынды және оларды әзірлеу бойынша уақыт белгіленді.

Сонымен, жалпы отырыста депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге кірісті.

Осы тақырып бойынша баяндама жасаған Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов комитет аталмыш заң жобасы бойынша қорытынды әзірлейтінін мәлім етті.

Ал, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктердің ара-жігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды қыркүйектің 10-ына дейін дайын болады деген шешім қабылданды. 

Барлық жаңалықтар