Астанада «Учаске» жедел алдын алу шаралары өткізілуде

3 Қыркүйек, 2014 13:31
Еліміздің барлық аймақтарында 1 қыркүйектен бастап «Учаске» жедел алдын алу шаралары басталды. Оған барлық әскери қызметтің, қарулы күштердің барынша максималды құрамы қатысуда.

«1 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында «Учаске» жедел алдын алу шарасы аясында Астана қаласының ІІД әкімшілік полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары   өз учаскелері бойына әр пәтерді аралап,онда тұратын адамдар туралы мәліметтерді жинастырады, олар құжаттарының дұрыстығын тексереді. Әр тұрғынға учаскелік инспектордың  және ІІО кезекші бөлімінің мәліметтері бар визиткалар беріледі», - деп хабарлады Астана қаласының ІІД.

Сонымен қатар, полицияда тіркеуде тұрған тұлғалар, азаматтық қару иелері де тексеріледі.

Бұдан басқа полиция қызметкерлері саяжайларды, құрылыс нысандарын, базар мен жалға берілетін ғимараттарды, пәтерлер мен үйлерді тексерістен өткізеді.

Айта кетерлік жайт, полиция қызметкерлерінің күші елімізде болу тәртібін бұзған шетелдіктерді, заңсыз миграцияны ұйымдастырушыларды, шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзғандарды анықтауға да бағытталатын болады.

 

Барлық жаңалықтар