- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да 2015 жылы комбайн мен трактор шығаратын кәсіпорын ашылады
СҚО-да 2015 жылы комбайн мен трактор шығаратын кәсіпорын ашылады
Бұл Қазақстан мен Финляндияның бірлескен ауыл шаруашылық және коммуналдық техника өндірісі болмақ. Жобаны іске асырудағы ағымдағы мәселелер өңір басшысы Ерік Сұлтанов пен «Sampo Rosenlew LTD» фин компаниясының президенті Яли Прихти арасындағы кездесуде талқыланды.
Облыс әкімінің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысы – машина құрылысы саласының орталығы болып табылады. Ал Петропавлда машина құрылысы саласы жақсы жолға қойылған. Жобаны іске асыруға барлық жағдай жасалынған.
Жобаны қолға алушылар «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС мен «Sampo Rosenlew» компаниясы өкілдері оның болашағының мол екеніне сенімді.
«Егер барлық баламалы нұсқаларды сараптап қарайтын болсақ, Петропавл зауытынан оңтайлы орынды таңдау мүмкін емес. Мақсатымыз қарапайым – жергілікі жұмыс күшін пайдалана отырып осында еуропалық сападағы комбайндар құрастыру», - дейді компания президенті Яли Прихти.
Бүгінгі таңда әріптестерде рұқсаттама құжаттары бар, ЖШС құрылған. Қазіргі таңда ғимарат алу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 1 млрд 900 млн теңге.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады