- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев: ССКӨБ республиканың өнеркәсіптік өндірісіндегі көшбасшылардың бірі болып саналады
Н. Назарбаев: ССКӨБ республиканың өнеркәсіптік өндірісіндегі көшбасшылардың бірі болып саналады
Қазақстан Президенті өз сөзінде ССКӨБ дамудың даңқты жолынан өткенін айтты.
Мемлекет басшысы ССКӨБ-нің қалыптасуы мен дамуында оның негізін қалаған ардагерлердің еңбегі зор екендігіне тоқталды.
«ССКӨБ тарихы – бұл, ең алдымен, оның бастауында тұрған және кеншілердің жақсы дәстүрін сақтап келген адамдардың тарихы. Біз сіздермен бұрынғы Кеңес одағының республикалары арасындағы байланыстар үзілген қиын кезеңде жаңа тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолын бірге өткердік», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Тәуелсіздік жылдарында еліміздің экономикасына миллиардтаған инвестициялар тартылды, еліміз әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кірді. Қазақстанның экономикасы әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан экономикалардың бірі ретінде танылғанын еске салды.
Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде бұл кәсіпорын республиканың өнеркәсіптік өндірісіндегі көшбасшылардың бірі саналатынын, мұнда түбегейлі жаңғырту жүргізілгенін, кәсіпорында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, жаңа жұмыс орындары ашылып жатқанын айтты.
«Бүкіл еліміз секілді ССКӨБ-нің де адамдар көкейіне ертеңгі күніне деген сенім ұялататын нақты жоспары бар», – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы ССКӨБ ұжымының жаңа жетістіктерге жететініне сенімін білдірді.
«Біз барлық батыл армандарымызды бірге жүзеге асырып, Қазақстанды гүлденген мемлекетке айналдыра аламыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын жұмысшыларына бақ-береке және Қазақстанның өркендеуі жолында зор табыстар тіледі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады