- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Назарбаев Қостанай облысының кәсіпкерлерімен кездесті
Н. Назарбаев Қостанай облысының кәсіпкерлерімен кездесті
Ақордада хабарлағандай, кездесу барысында Қостанай облысының әкімі Н.Сәдуақасов өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы баяндады. Сондай-ақ ҚР ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков қысқаша есеп берді.
Өз сөзінде Мемлекет басшысы Қостанай облысы астық дақылдарын көп жинайтынын, оның көлемі бүкіл Қазақстан бойынша жиналатын астықтың 25 пайызын құрайтынын айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев бұл облыс елдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін жетекші өңір саналатынын, соңғы 6 жылда аймақтың агроөнеркәсіп кешеніне үлкен мемлекеттік қолдау жасалғанын атап өтті.
Бұл ретте Қазақстан Президенті өңірдің осы саласындағы жағдай барлық жағынан қанағаттанарлық емес екеніне назар аударды. Бұл мал шаруашылығын дамытуға кесірін тигізетін, астықтың бір ғана түрінің сақталуына да қатысты. Сонымен қатар, үлкен жайылымдық алқаптар бола тұра, олар тура мақсатында жартылай ғана пайдаланылады.
«Облыстың әлеуеті ірі қара мал санын бүгінгі 400 мың бастан 1,5 миллионға дейін жеткізуге мүмкіндік береді», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев облыста ылғал сақтау технологияларын енгізу мен егістікті әртараптандырудан тиісті нәтиже байқалмайтынын да атап айтты.
«Облыста егіннің 83 пайызын астық алып жатыр, көкөніс, картоп егістігі өсірілмегін, ал мал азығы 15 мың гектарға қысқарған», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Қостанай облысындағы өңдеуші өндірістердің өніммен қамтылу мәселесі алаңдаушылық тудыратынын айтты.
«Ет өңдейтін зауыт салдық, ол 50%, жұмыс істейді, мемлекеттің ақшасы тиімсіз жұмсалды», – деді Мемлекет басшысы.
Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев жобаларды тиімді жүзеге асыру үшін қаржыландырмас бұрын мұқият есеп жүргізіп, нарықты жақсылап зерттеп алу қажеттігін айтты.
Қазақстан Президенті Аркалық қаласын дамытуға көңіл бөлу қажеттігіне, жаңа теміржолдың ашылуына байланысты ол үшін жаңа мүмкіндіктер мен жұмыс орындары пайда болып жатқанына тоқталып өтті.
Мемлекет басшысы өңірде ауыл жастарын жұмыспен қамтумен айналысу қажеттігін айтты.
«Егер жастар ауылда қалып, жұмыс істегісі келсе, оларға шаруашылықпен айналысуды үйрету керек», – деді Қазақстан Президенті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады