Маңғыстау облысында мектептердің 95,3% ғаламторға қосылған

2 Қыркүйек, 2014 15:53
Маңғыстау облысында 122 мектеп (95,3% ) кеңжиекті ғаламторға,45-і электронд білім беруі жүйесіне қосылған, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Жаңа оқу жылында олардың саны 15 мектеппен 6 колледжге  артады. Ал, интерактивті тақтамен қамтылған мектептің үлесі  93% көрсетті.

Сонымен қатар, аймақта 8 лицей, 7 гимназия жұмыс істейді,онда барлығы 7984 бала білім алуда. Бұдан басқа 49 мектепте гимназиялық және лицейлік  сыныптар бар, ал 73 мектепте түрлі пәндер тереңдетіліп оқытылады.

2011 жылдан бастап республикалық бюджет есебінен 25 мультимедиялық-лингафонды сыныптар, 50 химия сыныбы сатып алынды. Ағымдағы жылы қосымша 8 химия  кабинеті алынды.

«Компьтерлік паркті жаңарту мақсатында жергілікті бюджеттен  үш жыл бойы 650 млн теңге бөлу жоспарланған. Өткен және осы жылы 250 млн теңгеге 224 компьютер сыныптары сатып алынды. Бұл жұмыс 2015жылы да жалғасатын болады», - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар