- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында ауылдық мектеп ашылды
Маңғыстау облысында ауылдық мектеп ашылды
2 Қыркүйек, 2014 16:53
Маңғыстау ауданының Жанғылды ауылында Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат ашылды. Заманауи мекеме 1961 жылы бой көтерген апатты жағдайдағы мектепті алмастырды.
Облыс әкімдігінде хабарлағандай, 200 орындық жалпы білім беретін мекеменің құрылысына 515 млн 310 мың теңге республикалық бюджеттен бөлінді. Жанғылды ауылының оқушылары екі қабатты мекемеде, заманауи қондырғылармен жабдықталған оқу ордасында білім алатын болады.
Жаңа мектепті аша отырып, облыс әкімі Алик Айдарбаев Қарақия ауданының Құрық ауылында 300 адамға арналған мектеп-интернат және 75 балаға шақталған балабақша ашылғанын атап өтті.
«Жыл соңына дейін 2160 орынға шақталған тағы 2 орта мектептің құрылысын Жаңаөзен және Түпқарағай ауданында аяқтау көзделген. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Қарақия ауданында 2 жалпы білім беретін мектеп салынуда», - деді аймақ басшысы.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда