«Атыраудың үздік тауары» көрмесіне 30-дан астам кәсіпорын қатысуда

2 Қыркүйек, 2014 15:06
«Атыраудың үздік тауары» көрмесіне 30-дан астам тауар өндіруші кәсіпорын қатысуда.

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, көрмеге қатысушылар қатарында аймаққа танымал кәсіпорындар мен бизнесте алғашқы қадамын жасағандар да бар.

«Мәселен,көрмеге қатысушы ІІ топ мүгедегі Ақмарал Байлауова  «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында несие алып, қағаз сөмкелерін даярлайтын арнайы құрылғыны сатып алды. Бұл инновациалық жоба, себебі қағаз сөмкелер полиэтиленнен жасалғандарға  қарағанда экологиялық таза өнім», - деп атап өтті әкімдіктен.

Ағымдағы жылы байқау үш номинация бойынша жүріп жатыр: «Өндірістік  мақсаттағы үздік тауар», «Халық үшін үздік тауар» және «Үздік азық-түлік тауары». Барлық қатысушылар өз тауарларын кеңінен таныстырып қана қоймай, жаңа өткізунарығын табуды да көздеуде.

Барлық жаңалықтар