- Басты
- Жаңалықтар
- SIDS халықаралық конференциясы аясында ЭКСПО-2017 жобасы таныстырылады – СІМ
SIDS халықаралық конференциясы аясында ЭКСПО-2017 жобасы таныстырылады – СІМ
Шағын аралдық мемлекеттер алдында тұрған мәселелерді кешенді шешу жолдарын табуға бағытталған бұл іс-шараға БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, әлемнің барлық континентінен 100-ден аса мемлекеттердің басшылары мен үкімет басшылары қатысуда.
Министр сөзінде Қазақстанның климаттың өзгеру мәселелеріне қатысты, баламалы энергия көзін дамыту салаларындағы бастамалары ерекше айтылды. Астанада қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге арналған дайындық жұмыстары бөлек назарға алынды.
Конференция аясында Қазақстан Сыртқы істер министрінің Австралия, Вануату, Кабо-Верде, Комор аралдары Одағының, Микронезия, Палау, Соломон аралдарының, Самоа Тәуелсіз мемлекетінің, Шығыс Тимора және басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың делегация жетекшілерімен кездесуі болып өтті.
Кездесулер барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелерімен қатар, Қазақстанның маңызды сыртқы саяси бастамалары – 2017-2018 ж.ж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелікке еліміздің кандидатурасын алға тарту және ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру шеңберіндегі өзара ықпалдастық болашағы талқыға салынды.
Қазақстан мен БҰҰ Азия мен Тынық мұхит елдері үшін экономикалық және әлеуметтік комиссия бағдарламасы (ЭСКАТО) бірлесе отырып, Азия-Тынық мұхит өңірінің тоғыз аралдық мемлекеттеріне (Маршаллов аралдар, Микронезия, Науру, Палау, Папуа Новая Гвинея, Самоа, Соломонов аралдары, Тонга және Кирибати) ауылды жерлерде электр қуатын өндіру мақсатында биогаз жүйесін инсталляциялауға көмек көрсетуді қарастыратын ортақ жобаны іске асыру маңыздылығы аталып өтілді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері