Министрліктер мен әкімдіктер қызметі қайталанбауы керек – Елбасы

2 Қыркүйек, 2014 12:57
Министрліктер мен әкімдіктер қызметі қайталанбауы керек, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында.

«Мемлекеттік басқарудың уәкілеттілігі мен деңгейінің ара жігін ажырататын жарлыққа қол қойып, ол өз күшіне енді. Бұл мемлекеттік аппарат жұмысындағы қағазбастылықты, көп сатылы жұмысты, қайталауды азайтады», -деді Мемлекет басшысы.

Елбасының айтуынша, бүгінгі экономикалық жағлайда Үкімет стратегиялық мақсаттардың жүзеге асырылуына назар бөлу керек. Үкімет отырысы сайын қаралатын елу-алпыс сұрақ тек қағаз жүзінде қалады.

Енді әрбір министр өзі жауап беретін салада барлық уәкілеттілікке ие болуы керек және өз жұмысын өзге органның мойнына жүктеп қоймай, жауапкершілікпен жұмыс істеу керек.

«Бұл талапты заң жүзінде қадағалау керек», -деді Мемлекет басшысы. 

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар