• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада химикат-прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы жиын өтуде

Астанада химикат-прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы жиын өтуде

2 Қыркүйек, 2014 13:34
Астана қаласындағы Дүниежүзілік кеден ұйымының Өңірлік оқу орталығының базасында ДКҰ «Ғаламдық қалқан» бағдарламасының операциялық қызметін үйлестіру бойынша кездесу өтуде.

ҚР ҚМ КБК Баспасөз қызметі  хабарлағандай, ЖЖҚ жасаудағы химикат-прекурсорлардың заңсыз қолданылуының өсуімен күресу үшін Дүниежүзілік кеден ұйымы  Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы (Interpol) және БҰҰ есірткі және қылмыс бойынша басқармасымен бірге құқықтық тәртіп сақтау бойынша теңдесіз жанжақты операция болып табылатын «Ғаламдық қалқан» бағдарламасын шығарған.

Бағдарламаның мақсаты химикат-прекурсорлардың заңсыз айналымына және заңға қарсы жолдармен тасымалдауға транс шекаралық жүруін бақылау арқылы қарсы әрекет ету болып табылады.

Осы іс-шараға Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан және Қазақстан Республикасы кеден қызметтері, құқық қорғау органдары жоғары дәрежедегі 70 қызметкерлерінің қатысуы жоспарлануда. Дәріскерлер ретінде Дүниежүзілік кеден ұйымының, Халықаралық ұйымының қылмыстық полиция (Interpol), сонымен қатар Федералдық тергеу бюросының (FBI) сарапшылары шақырылды.

 

Барлық жаңалықтар