• Басты
  • Жаңалықтар
  • Әкімдіктерге жылу беру мен ауыл шаруашылығы саласы бойынша қызмет көрсетудің бір бөлігі беріледі

Әкімдіктерге жылу беру мен ауыл шаруашылығы саласы бойынша қызмет көрсетудің бір бөлігі беріледі

2 Қыркүйек, 2014 12:21
ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ікімдіктерге жылу беру мен ауыл шаруашылығы саласы бойынша қызмет көрсетудің бір бөлігі берілетіндігін айтты.

«Әкімдіктерге аймақ дәрежесінде орындалатын жұмыстарды өткізу қажет. Бұл жергілікті мағынадағы қызметтер. Демек, бір қызмет тек қана бір мемлекеттік органға жүктелуі тиіс, оны қайталау керек емес», - деді Елбасы.

Атап айтар болсақ, ауыл шаруашылығы бойынша жергілікті органдардың құзіретін арттыру қажет. «Ветеринарлық қадағалау саласында әкімдіктерді кірістірген жөн», - деді Елбасы.

«Сондай-ақ, жылу беру саласының  жұмыстарын әкім қызметіне жүктеген жөн. Мәселен, жылу беру нысандарының қызмет көрсетуі, жылу маусымына дайындық сұрақтарын шешу, бұл ақпараттардың барлығына жергілікті әкімдер жауап беруі тиіс», - деді Президент.

Мемлекет басшысы атап өткендей, қызметтерді жергілікті органдарға беру  мақсаты  көрсеткіштерге жетудегі жаңа жауапкершілік.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар