- Басты
- Жаңалықтар
- Президент министрліктерге заң күшіндегі шешімдерді қабылдау құзіретін беруді бұйырды
Президент министрліктерге заң күшіндегі шешімдерді қабылдау құзіретін беруді бұйырды
«Қазақстан Үкіметі бүгінгі экономикалық жағдайларда елдің әлеуметтік-экономикалық саясатының басты бағыттарын іске асыру бойынша стратегиялық мәселелерге баса назар аударуы қажет», - деді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, министрліктерге заң күшіндегі шешімдерді, түрлі ережелерді қабылдау құзіретін беру керек.
«Қазіргі таңда бұл Үкіметте қаралып жатыр. Әр отырыста 50-60 мәселе қаралады. Мұның барлығы қағаз күйінде ұмыт қалады. Әр министрлік өзінің саласына қатысты жеткілікті құзіретке ие болуы керек. Сонымен қатар, шешім қабылдауда толықтай жауапкершілік жүктеліп, өзге органдарға жаба салуға жол берілмейді», - деді Елбасы.
Н.Назарбаевтың айтуынша, осы талаптарды заңнамалық тұрғыда реттеу қажет.
«Министрліктер құзіретіне қызметтерін іске асыруды бақылаумен қатар тиісті салалардағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін шешімдер қабылдау құзіреті де беріледі», - деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда саланы тиімді реттеуді қамтамасыз ететін орталықтандырылған бақылау бойынша комитеттердің бұрынғы қызметтері аймақтық органдарда сақтала бермек.
Камила Амирова
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет