• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті Үкіметке 2015 жылдың 1 сәуіріне дейін төрелік туралы бірыңғай заң әзірлеуді тапсырды

ҚР Президенті Үкіметке 2015 жылдың 1 сәуіріне дейін төрелік туралы бірыңғай заң әзірлеуді тапсырды

2 Қыркүйек, 2014 11:48
Бүгін ҚР Парламенті қос палаталарының біріккен отырысында Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметіне 2015 жылдың 1 сәуіріне дейін Парламентке төрелік туралы бірыңғай заң әзірлеуді тапсырды.

«Инвестициялық қызметті  тиімді ету үшін төрелік толыққанды дамытқан дұрыс, қазір  инвесторлар оның ішінде шетелдік инвесторлар  арбитражға жүгінгенді жөн көреді. Бұл біздің сот жүйесі мен оның шешімінің еркін  екендігін айтады», - деді Н. Назарбаев.

Сондай-ақ, ҚР Президенті отандық төрелікті  дамытуға кешенді шаралар қолданылу керектігін атап өтті.  Ол халықаралық қабылданған пішінге сай болуы тиіс.

«Неге бізге халықаралық қабылданған пішінге сай болатын отандық төрелікті дамытатын шаралар кешенін әзірлемеске. Бұл проблеманы Үкіметке 2015 жылдың 1 сәуіріне дейін шешіп, Парламентке төрелік  туралы бірыңғай заң енгізуін тапсырамын», - деді Н. Назарбаев.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар