- Басты
- Жаңалықтар
- Астана полицейлері бірінші сынып оқушыларына жарық шағылыстырғыш фликерлер сыйлады
Астана полицейлері бірінші сынып оқушыларына жарық шағылыстырғыш фликерлер сыйлады
1 қыркүйек күні әкімшілік полиция басқармасы аппаратының қызметкерлері Білім күні мен жаңа оқу жылының басталуына арналған мерекелік алғашқы қоңырауға қатысып, бірінші сынып оқушыларына «Мектепке қауіпсіз жол!» шарасын өткізді.
Шара барысында тәртіп сақшылары балаларға Жол қозғалысы ережелерін таныстырып, бірінші сынып оқушыларына жолдан өту тәртібін түсіндірді.
Сонымен қатар, Астана қаласындағы №35 мектеп-лицейінің 120 бірінші сынып оқушыларына полиция қызметкерлері жарықты шағылыстыратын фликерлер табыстап, олардың ата-аналарына бұл бұйымның қандай пайдалары бар екенін түсіндірді.
Алдағы уақытта тәртіп сақшылары елордалық барлық бірінші сынып оқушыларына осы дүниені сыйлауды жоспарлап отыр.
Аталмыш «Назар сал – Бағдаршам!» жедел-алдын алу шарасы кезінде жол-патруль полициясы қаланың қоғамдық орындары мен өзге де көпшілік жерлерде жұмысты барынша жандандыра түспек.
Фликерлер – кішігірім жапсырма немесе белгі іспеттес бұйым, ол жаяу жүргіншінің қараңғыда анық көрінуіне мүмкіндік береді. Көліктегі жүргізуші аталмыш фликерлерді таққан жүргіншілерді 400 метр қашықтықтан еркін көре алады. Бұл жаяу жүргіншіге келетін қатерді 65%-ға дейін төмендетеді деп есептеледі.
-
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
О.Бекбас: Тариф құнын өсіру - электр станцияларын апаттан құтқару үшін қажет -
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін" -
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды -
«Кемеңгер тұлғалардың ұлы аналары» атты кітап жарық көрді -
Үшінші тоқсанда бітіруші сынып оқушылары мектепке барады -
Астаналық құрылысшылар Маминнің тапсырмасын орындауға неге құлықсыз -
"Әліппе" оқу бағдарламасына қашан енгізіледі