G-Global ақпараттық-коммуникативті жаңа платформасы 7 қыркүйекте ашылады

2 Қыркүйек, 2014 09:17
G-Global командасы жаңа ақпараттық-коммуникативтік платформасының ашылуы қарсаңында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Әділет министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, Астана қалалық әкімдігі, «Astana Innovation» АҚ, «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, «жасыл экономика мен G-Global дамуы» коалициясы» ЗТҰ, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, Қоғамдық пікір зерттеу институтының қатысуымен тұсаукесер жобаларын ұйымдастырды.

«Еуразиялық экономикалық ғалымдар  клубы» қауымдастығының хабарлауынша, таныстырылымда G-Global командасы жаңа ақпараттық-коммуникативтік платформа сипаттары мен платформаның жұмыс істеу шарттары туралы айтты.

Атап айтар болсақ, G-Global командасы сарапшысының айтуынша, G-Global жаңа ақпараттық-коммуникативтік платформасы Facebook әлеуметтік желісі арқылы тіркелетін болады. Сессияның үйлестірушілері мен модераторлары өз жобаларын өздері басқарып, қажетті түзетулер мен өзгерістер енгізе алады.

Жаңа ақпаратты-коммуникативтік платформаның ресми іске қосылуы 2014 жылдың 7 қыркүйегіне жоспарланып отыр.

 

Барлық жаңалықтар