- Басты
- Жаңалықтар
- Білім күні Қазақстан Президенті Астанада жаңа мектеп-гимназиясын ашты
Білім күні Қазақстан Президенті Астанада жаңа мектеп-гимназиясын ашты
«Бұл мектеп бірнеше жыл бұрын қолға алынған. Қазіргі таңда бұл жерде қалашық салынып отыр. Жанында ЭКСПО нысандары мен ботаникалық сад бой көтермек. Үш тілділік Қазақстанда қалыпты жағдайға айналуда. Мемлекеттік тілді игеру адамгершілік парызымыз болса, орыс тілі мен ағылшын тілінсіз өркениетке ере алмасымыз анық. Болашақтың білім мен ғылымның тілін біз игеруіміз керек», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысының айтуынша, бүгін, білім күнінде барша Қазақстан бойынша 7600 мектепте шамамен 2 млн 600 мың оқушы мектеп партасына отыруда, соның ішінде 300 мыңы бірінші сынып оқушылары.
«Бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, баршаңызға бақыт пен ата-аналарға жеміс тілеймін», - деді Н.Назарбаев құттықтау сөзінде.
Елордалық әкімдіктің мәліметінше, осынау білім ордасына биыл 1313 оқушы қабылданған. Оқу ғимараты заманауи оқу құрылғыларымен, конференц-залымен, 56 интерактивті құрылғылы кабинеттермен, электронды абонетті кітапханамен қамтылған.
Мектепте оқушыларды космонавтика, медицина салаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасауға мүмкіндік беретін зертханалары мен лекция аудитоиялары, интерактивті педагогикалық және ақпараттық технологиялы орталық бар.
Айта кету керек, жаңа мектеп Жәнібек пен Керей хандар және Орынбор көшелерінің қиылысында орналасқан.
Жалпы, 1 қыркүйекте Астанада 5 мектеп ашылды. Оның әрқайсысы 1200 оқушыға арналған.
Камила Амирова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады