- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысының әкімі Мерке ауданындағы әлеуметтік нысандар құрылысымен танысты
Жамбыл облысының әкімі Мерке ауданындағы әлеуметтік нысандар құрылысымен танысты
К.Көкірекбаев Ақтоған ауылындағы жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысы мен Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарымен танысты. Мұнда дәрігерлік амбулатория құрылысына 79 млн теңге, ал мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге 73 млн теңге бөлінген.
Сонымен қатар облыс әкімі Ақермен ауылындағы 300 орындық жаңа мектеп құрылысы барысымен танысты. Осынау білім беру нысанын салу үшін мемлекеттің 717,7 млн теңге бөлгені анық. Жаңа мектеп келер жылы пайдалануға берілмек.
Өңір басшысы Мерке ауданының ірі кәсіпкерліктері «Мерке ірімшік зауыты» ЖШС, «Мерке тұқымдық зауыты» АҚ, «Алконищепром» ЖШС мен «Сыпатай батыр» ЖШС жұмысымен танысты. Олар қазіргі таңда өндіріске замануи технологияларды көптеп тартуда.
Талдыбұлақ ауылындағы сумен қамту жүйесі де облыс әкімінің назарынан тыс қалған жоқ. Мұнда 19,2 шақырымдық құбырды жөндеуге 129,5 млн теңге бөлінгенн нысан биылғы жылдың шілдесінде пайдалануға берілді.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері