• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-дағы өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлем индексі 2013 жылдың қаңтар-тамызына 102% құрады - Статистика агенттігі

ҚР-дағы өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлем индексі 2013 жылдың қаңтар-тамызына 102% құрады - Статистика агенттігі

11 Қыркүйек, 2013 15:58
Қазақстандағы өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлем индексі 2013 жылдың қаңтар-тамызында 102% құрады, деп хабарлады Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

"2013 жылдың қаңтар-тамызында 2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда шикі мұнай, темір және түсті кендер шығару артты", - делінген хабарламада.

Бұдан өзге, статистика агенттігінің мәліметтері бойынша азық-түлік, сусын, химиялық өнеркәсіп өнімдері, машина жасау және мұнай өңдеу өндірісі артқан. 

Өндірістің өсуі республиканың 11 өңірінде байқалған. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстарында төмендеу тіркелген. 
 

Барлық жаңалықтар