Көкшетаулықтар Конституция күні мен қаланың 190 жылдығын атап өтті

31 Тамыз, 2014 10:28
2014 жылдың 30 тамызында Көкшетау қаласы тұрғындары мен қонақтары Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған мерекелік шараларға қатысты.

Мерекелік концерт «Тәуелсіздік» алаңындағы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауының жеңімпаздары Ақмола облыстық тауар өндірушілердің көрмесімен басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Өңір басшысы С.Кулагин өңір тұрғындарын ҚР Конституция күнімен құттықтады. Өз сөзінде облыс әкімі қуатты, бәсекеге қабілетті мемлекеттің құрылуындағы Ата Заңның орнына тоқталды.

Сонымен қатар облыс халқының назарына қазақстандық эстрада жұлдыздары Әлішер Кәрімов, Айжан Нұрмағамбетова мен Полльшадағы халықаралық байқаудың лауреаты Бибігүл Искакованың қатысуымен мерекелік концерт ұсынылды.

Бұл күні «Қазақстан – байтақ елім тірегім!» атты флеш-моб, стритбол, бадминтон, шахмат, қол күрестен спорттық жарыстар мен өзге де қызықты шаралар ұйымдастырылды.

Мереке аясында Көкшетау қаласының 190 жылдығы аталып өтілді. 

Барлық жаңалықтар