- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Қарағанды қаласының 80 жылдығы мен Кеншілер күні мерекесіне қатысты
Н.Назарбаев Қарағанды қаласының 80 жылдығы мен Кеншілер күні мерекесіне қатысты
«Облыс орталығының орталық стадионында сөз алған Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Конституция күнімен, ал қарағандылықтарды тағы Кеншілер күнімен құттықтады», - делінген хабарламада.
Өз сөзінде Қазақстан Президенті биылғы жылы Кеншілер күні Қарағандының 80 жылдығы аясында өткізіліп жатқанын тілге тиек етті.
«Менің Қарағанды жеріне деген махаббатым ерекше. Мұнда менің еңбек жолым мен саясаттағы қызметім басталды. Осы жерден Қазақстанның индустриялды гүлденуі бастау алады. Мен қашанда кеншілерге ерекше құрмет көрсетемін, өйткені мен кеншілер еңбегімен етене жақын таныс адаммын», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінгі таңда көмір саласы отандық индустрияның қозғаушы күшіне айналды. Ал кеншілер қазіргі кезде ерекше сұранысқа ие. Қазақстанның экономикасының қарқынды дамуы үшін біз осы салаға әбден мұқтажбыз.
Сонымен қатар Елбасы қазақстандық көмір өндірісінің негізін қалаған жандарға ерекше алғыс білдірді.
Қазақстан Президентінің айтуынша, осынау еңбектің арқасында Қарағанды бүгінгі таңда гүлдену үстінде.
«Қарағанды өңірінің кеншілер еңбегінің арқасында заманауи экономикада өзіндік орнын қалыптастырғанын көріп отырғаныма қуаныштымын. Мен қарағандылықтардың болашағының жарқын екеніне сенімдімін», - деді Н.Назарбаев.
Елбасы қарағандылықтарға әлеуметтік-экономикалық реформалар жасауда қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіруді де ұмытпады.
Сөз соңында Мемлекет басшысы қарағандылықтардың еңбектеріне жеміс тіледі.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді