- Басты
- Жаңалықтар
- Конституция күнін атап өту Алматы облысында мерекелік шеруден басталды
Конституция күнін атап өту Алматы облысында мерекелік шеруден басталды
30 Тамыз, 2014 15:42
Бүгін жылдағы дәстүр бойынша Талдықорған қаласының орталық алаңында Конституция күні тойланды.
«Орталық алаңға жиналған халық белгілі өнер ұжымдары мен облыс әртістерінің ән-билерін тамашалады», - делінген хабарламада.
Шараның салтанатты ашылуында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Амандық Баталов тәуелсіз мемлекетіміздің басты құқықтық құжаты Конституция еліміздің одан әрі дамуына зор мүмкіндік беріп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ бүгінгі жетістіктеріміздің барлығына Ата Заңымыз негіз болғанын тілге тиек етті.
Мереке әрі қарай «Ата Заң – арайлы таңым!» тақырыбында облыстық Сүйінбай атындағы филармония мен «Талдықорған әуендері» ансамблінің концертіне ұласты.
Осындай мерекелік шаралар облыстың барлық аудан, қалаларында өткізіліп, кешкілік жастар би кешімен қорытындыланады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Неонаталды скрининг және оны өту тәртібі -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі