- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады
Елбасы қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады
Құттықтаудың мәтіні «Егемен Қазақстанның» ресми порталында жарияланған.
«Барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. 19 жыл бұрын осы күні халқымыз бүкілхалықтық референдумда Қазақстанды зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретінде жариялаған Ата Заңды қабылдады. Конституциялық құрылыстың негізгі тірегі ретінде халық бірлігі, қоғамдық және рухани келісім, саяси тұрақтылық қоғамымыздың ерекше құндылықтарын құрайды. Мемлекет пен қоғамның орнықты дамуына жол ашқан Конституцияның әлеуеті жоғары экономикалық өрлеу мен азаматтар әл-ауқатының артуын қамтамасыз етеді. Біздің Конституциямыз «Қазақстан-2050» Стратегиясының әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуі жөніндегі тарихи мақсаттары мен міндеттерін іске асырудың берік негізі болып табылады», - делінген мәтінде.
«Келесі жылы республикалық референдумда еліміздің Конституциясының қабылданғанына 20 жыл толады. Ата Заңымыздың мерейтойы жалпымемлекеттік деңгейде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен бірге тойланады. Осы екі айтулы оқиға жылнамамыздағы ортақ байланысты құрайды. Барша қазақстандықтарға шын көңілден бейбітшілік пен ынтымақ, табыс пен құт-береке тілеймін!», - деп Нұрсұлтан Назарбаев отандастарына жылы лебізін білдірді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Қазақстан Конституциясы қалай қабылданды -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді -
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады -
Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады -
«Н.Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер». Қазақстан мен шетелдегі Елбасы пікірлестері халықаралық конференцияда бас қосты -
«Елбасы бастамалары халықтың игілігіне қызмет етіп келеді»: сарапшылар пікірі