- Басты
- Жаңалықтар
- А.Есімов: Ата Заң - тәуелсіздікті, бейбітшілікті, тұрақтылық пен гүлденуді одан әрі нығайта түсті
А.Есімов: Ата Заң - тәуелсіздікті, бейбітшілікті, тұрақтылық пен гүлденуді одан әрі нығайта түсті
Қала басшысы Қазақстанның Негізгі Заңы тәуелсіздікті нығайтудың, тиімді мемлекеттік-құқықтық жүйені қалыптастырудың, халықтың тұрмыс жағдайын одан әрі жақсартудың басты кепілі болып табылатындығын атап өтті.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Біздің Конституциямыз Қазақстанның өркендеп, дамуының іргетасы, халқымыздың ерік-жігерінің ізгі нәтижесі, алға жылжуымыздың айқын белгісі болып табылады. Осы жылдар ішінде біз орасан зор прогресске қол жеткіздік, барша әлем бағалайтын, құрметтейтін қуатты, экономикасы дамыған, саяси тұрақтылығы мықты мемлекет құрдық. Ел Конституциясы - адамның өркениетті қағидаттары. Оған мақтанумен қатар, бағалап, жүзеге асыру қажет»,- деді Ахметжан Есімов.
Қала әкімі тарих жылнамасына көз жібере отырып, конституциялық тұрмыстың 19 жылы ішінде халқымыз ғасырлар бойы армандаған ұлы оқиғаларға қол жеткізгендігімізді атап өтті.Халықаралық қоғамдастықтың бүгінгі Қазақстанды өсіп, өркендеген алдыңғы қатарлы серіктестік ретінде танитындығын жеткізді.
«Негізгі Заң ең басты байлығымыз - тәуелсіздікті, бейбітшілікті, тұрақтылық пен одан әрі гүлденуімізді нығайтты.Барлық мемлекеттік институтардың, әрбір қазақстандықтың міндеті- қолжеткен жетістіктерді баянды ету. Бірлік пен келісім, мықты саяси көзқарас, дамудың негізгі басымдылығын жете сезіну - өркенниетті мемлекеттің басты түпқазығы», - деді Ахметжан Есімов.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет