- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл ЕҰУ-да 16 мыңнан астам адам білім алатын болады
Биыл ЕҰУ-да 16 мыңнан астам адам білім алатын болады
ЕҰУ хабарлауынша, биыл бірінші курсқа келіп түскен студенттердің саны 3 995 адамды құрайды, соның ішінде 2 996-і мемлекеттік білім гранттарының иегерлері болса, қалған 899-ы ақылы оқитындар.
Бұған қоса мемлекеттік грантқа тағы 985 магистрант қол жеткізген. Қалған 107-сі ақылы негізде білім алмақ. Ал Білім және ғылым министрлігінің берген философия ғылымдарының докторы (PhD) 70 гранты да өз иелерін тапқан.
Қазіргі таңда Еуразия Ұлттық университетіндегі барлық шәкірт саны 16 558 адамды құрап отыр, соның 13 545 мемлекеттік білім гранты иегерлері.
Бакалавр деңгейінде 14 094 оқыса, соның 11 265-еуі тегін білім алушылар. Ал 2 729-ы келісімшарт бойынша білім алмақ. Магистратурада оқитын 2 293 адам бар, соның 2 056-ауы грант иегерлері. Қалған 185-і келісімшарт негізінде. PhD докторлығы бойынша 225 адам білім алуда.
«Айта кету керек, биыл техникалық білім бойынша, соның ішінде ақпараттық технология саласына қызығушылық танытқан талапкерлердің қарасы бұрынғыдан әлдеқайда көп болды.Биыл ақпараттық технология факультетіне 510 адам түссе, көлік-энергетика факультетіне 409 адам, сәулет-құрылысқа 404 студент түсті», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, «Алтын белгімен» бітірген 406 талапкердің таңдауы Еуразия Ұлттық университетіне ауған.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады