ҚР Ата Заңы күніне арналған ұлттық спорт түрлерінің жарысы басталды

29 Тамыз, 2014 11:48
Алматы облысы Жамбыл ауданындағы «Көкбастау» ипподромында Конституция күніне орай Президент Кубогына ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс басталды, деп облыстың әкімдігінде хабарлады.

Ән-шашумен басталған шарада облыс әкімі Амандық Баталов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

« Облыс басшысының айтуынша, биылғы жылы өңірде ұлттық ат спорты түрлерін дамытуға  жергілікті бюджеттен 43,8 млн. теңге бөлінген», - делінген хабарламада.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған тұлпарлар 11 шақырымдық құнан бәйге, 9 шақырымға жорға жарыс, 16 шақырымдық топ бәйге, 25 шақырымға аламан бәйгеде бақ сынасты. Сонымен қатар қыз қуу, аударыспақ,  теңге ілу ойындары да жарыстың көрігін қыздырды.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға 7 автокөлік, ақшалай сыйлықтар мен диломдар беріледі.

 

Барлық жаңалықтар