• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Ата Заңы күніне орай Астана қаласы прокуратурасының жаңа ғимараты ашылды

ҚР Ата Заңы күніне орай Астана қаласы прокуратурасының жаңа ғимараты ашылды

29 Тамыз, 2014 11:32
Конституция күнінің қарсаңында елордамыздың прокурорлары қала сәулетіне үйлесімді жарасып орын тепкен қазіргі заманға сай және жұмысқа қолайлы барлық жағдайлар жасалған тамаша ғимаратқа ие болды.

Ведомствода хабарлағандай, Астана қаласы прокуратурасының жаңа ғимаратының ашылуына арналған салтанатты рәсім болып өтіп, оған Бас Прокурор Асхат Дауылбаев, құқық қорғаушы  және мемлекеттік органдардың басшылары, прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.

Ұжымды көптен күткен қуанышты оқиғамен құттықтай келе, Бас Прокурор жаңа ғимараттың ашылуы, ең алдымен, Елбасының қадағалаушы органдардың қажеттіліктері мен сұраныстарына, прокуратура қызметкерлерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуы мен әлеуметтік кепілдермен қамтамасыз етілуіне жасап отырған тұрақты қамқорлығының белгісі болып табылатындығын атап көрсетті.

 

Барлық жаңалықтар