- Басты
- Жаңалықтар
- Степногорск қаласында жыл басынан бері 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды
Степногорск қаласында жыл басынан бері 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды
«Ақмола Медиа Орталығының» хабарлауынша, моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру аясында қала инфрақұрылымын дамытуға, әлеуметтік маңызы бар нысандарды жөндеуге айтарлықтай қаражат салынды. Осы мәселені шешудің басты индикаторы ретінде қаланың қанағаттандырарлықсыз деңгейдегі жол жағдайының 2012 жылғы 90 пайыздан биыл 50,3 пайызға дейін азаюын айта аламыз.
Сонымен қатар, ТКШ жаңғырту-2020 республикалық бағдарламасын іске асыру аясында қалада бірнеше жыл қатарынан тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. ТКШ жаңғырту тақырыбына қатысты әңгіме барысында депутаттар қаражатты бюджетке қайтару мәселесін көтерді. Муратбек Тақамбаев осы кезде қалада арнайы мамандандырылған ұйымның құрылғанын айтты. Ол халықтан қаражат жинап, осы мәселені шешуде белсенді жұмыс істеуде. Ал несие қайтару деңгейі жоспардағы көрсеткіштің 95 пайызын құрайды.
Елдегі бірегей бастама ретінде тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарын айтуға болады. Бір кездері шағын отбасылық үйлердің коммуналдық шаруашылық төлемдерін төлей алмауы себепті иелері тарапынан тасталып кеткен. Бүгінгі таңда ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында республикалық бюджет және пәтер иелері есебінен барлық коммуникацияларды қалпына келтіру бойынша толықтай жұмыстар жүргізілуде. Облыс депутаттарының айтуынша, осындай жұмыс тәжірибесі барша республикадағы мәселелерді шешуде таптырмас әдіс болып табылады.
Облыс депутаттары Степногорск қаласында жаңа Индустриялды аймақ құру бастамасына қызығушылық танытты. Қала басшысының айтуынша, бұл жобаның болашағы жарқын. Бүгінгі таңда қаланың бірқатар кәсіпкерліктері оны іске асыруға ат салысатындарын білдіріп отыр. Атап айтар болсақ, олар «Астана-Нан» ЖШС, «Кристалл RB» ЖШС, «АИМ-Астана» ЖШС.
Өңірдің өнеркәсіптік шаруашылықтарымен танысу барысында облыс депутаттары «Ak Sy Steel» ЖШС барып, онда арматура өндірісін көзбен көрді. Сонымен қатар, «СП СКЗ «Казатомпром» ЖШС-жағы күкірт-қышқыл өндірісімен танысты. Ал «Қазақстанның жылыжай технологиясы»» ЖШС барып жылыжайдағы көкеніс шаруашылығын аралады. Кәсіпкерлік басшылары облыс депутаттарына шаруашылықтарындағы түйіткілді мәселелерді жеткізіп, жетістіктерімен бөлісті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі