• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасы Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоғанның инаугурациясы рәсіміне қатысты

Елбасы Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоғанның инаугурациясы рәсіміне қатысты

29 Тамыз, 2014 09:01
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоғанның инаугурациясы рәсіміне қатысты, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Р.Ердоған Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысының отырысында салтанатты жағдайда ант қабылдады, содан кейін Чанкая президенттік сарайында 11-президент Абдулла Гүлден президенттік өкілеттікті қабылдап алу рәсімі өтті.

Түркия Президентін ұлықтау рәсіміне әлемнің шамамен 90-ға жуық елінің және бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері, шетел мемлекеттерінің елшілері, депутаттар және БАҚ өкілдері қатысты. 

Барлық жаңалықтар