- Басты
- Жаңалықтар
- «МедРемЗавод» ЖШС жетістік тарихы (ФОТО)
«МедРемЗавод» ЖШС жетістік тарихы (ФОТО)
«МедРемЗавод» ЖШС директоры Арыстанбек Жұмағұлов әңгімелегендей, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына қатыса отырып, зауыттың екінші тынысы ашылғандай болды. Сапарсы аса жоғары неміс құрал-жабдықтары 15-20 минуттың ішінде қарапайым линза дайындап, оны антибактериялық қабатпен қаптайды, сондай-ақ бірнеше түске: көгілдір, көк және жасылға бояп шығарады.
«МедРемЗавод» ЖШС-ында өзіне қажетті тауарды кез келген адам өзінің қалауына қарай ыңғайлап сатып ала алады. Арыстанбек Жұмағұлов кішкентай креативті тұтынушыларын да назарсыз қалдырмаған. Дүкен-зауытта «Балапан» оптика салоны бар, онда кішкентай балақайларға арналған көзәйнектердің түр-түрін табуға болады. Компания директорының айтуынша, көзілдірік киген балаларды мектепте немесе араласатын ортасында сөзге қалдырып, мазақ қылатыны жасырын емес. «Алайда, ол жағдайды оп-оңай өзгертуге болады. Қазір балаларға арналған көзілдіріктер жақтауын анимациялық кейіпкерлердің бейнесімен әрлеп, тартымды етіп шығаруға мол мүмкіндік бар. Мұндай әдіс балалардың көзілдірік киюге деген көзқарасын өзгертетіні анық. Алайда басқа бәсекелестерім де бұл әдісті қолданып жатса,мен қарсы болмаймын, себебі бәрі кішкентай тұтынушыларымыздың ыңғайлылығы үшін», - деді Арыстанбек Жұмағұлов.
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының субсидиялауы арқылы бөлінген 70 млн теңгеден астам қаражатқа сатып алынған жаңа техника «МедРемЗавод» компаниясының қолын ұзартып, қысқа уақыттың ішінде ең күрделі деген линзаларды әзірлеуге мүмкіндік беріп отыр. «Бұрындары мұндай лизналарды жерлестеріміз кем дегенде 20 күн күтіп жүретін. Елестетіп көріңізші, көзі нашар көретін адам байқаусызда көзілдірігін сындырып алса, қанша уақыт қиналып күтіп жүруге тура келеді!», - дейді компания басшысы. Алдағы уақытта ең күрделі деген линзалардың өзі рекордтық қысқа уақытта – 2 сағатта әзірленетін болады. Яғни клиент қажетті тауарына тапсырыс беріп, бір-екі сағат қыдырып келгеннен кейін «МедОптика» салонынан өз тауарын алып кете алады. Осындай мүмкіндікке біз «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына қатысқаннан кейін қол жеткізіп отырмыз», - деп қорытты А.Жұмағұлов.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Н.Дементьева: Халықтың әлеуметтік жағдайы түзелмесе, басқа жетістікпен мақтанудың қажеті жоқ -
Алтын Орда тарихы неге зерттелмеді -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Ауыт Мұқибек: Жер дауына қойылған нүкте – қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім -
Елордада «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекеті тарихы» кітабының тұсауы кесілді -
2020 жыл қорытындысы: Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер -
Тәуелсіздік күні: Қарағандыдағы "желтоқсанның" жанды тарихы -
Президент жолдауы – жыл жетістіктері -
Ауыл әйелдері форумы: Жетістікке жеткен әйелдер тәжірибесімен бөлісті -
«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы: COVID-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмек жеткілікті -
Еліміздегі егіс алқаптарының 25% "Астана-Нан" ЖШС дәрі-дәрмектерімен өңделеді -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО)