- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Үкіметі 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдады
Қазақстан Үкіметі 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдады
«Елдің 2015 – 2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеген кезде экономика салаларының 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы даму қорытындылары, мемлекеттік органдардың 2015 – 2019 жылдарға арналған өндірістің негізгі өнім түрлерінен күтілетін көлемдер бойынша деректері және әлемдiк экономиканың өсуi мен негізгі экспорт тауарларына әлемдік бағалар бойынша халықаралық ұйымдардың болжамдары ескерілді», - деп ҰЭМ хабарлады.
ЖІӨ-нің нақты өсуi 2015 жылы 5,0%-ды, ал 2016 жылы 5,6%-ды, 2017 жылы 6,8%-ды, 2018 жылы 5,8%-ды және 2019 жылы 6,5%-ды деңгейде болады деп күтіліп отыр.
Номиналды ЖІӨ 2015 жылы 45 трлн. теңгеден 2019 жылы 72,8 трлн. теңгеге дейін өседі деп болжануда. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 2015 жылы 13,9 мыңнан аса АҚШ долларын құрайды және 2019 жылға қарай 21,4 мың АҚШ долларына дейін өседі.
Ұлттық Банк инфляция деңгейін кейін орта мерзімді кезеңде 5-7% денгейіне дейін төмендеуімен 6,0-8,0% шегінде жоспарлап отыр.
Макроэкономикалық болжам мен экономикалық саясат басымдықтарының негізінде 2015-2017 жылдарға арналған бюджет параметрлері әзірленді.
ЖІӨ-нің болжанып отырған өсуі мен импорттың көлемін ескере отырып, республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есептемегенде) 2015 жылы 4 338,4 млрд. теңге, 2016 жылы 4 753,5 млрд. теңге, 2017 жылы 5 147,7 млрд. теңге деңгейінде болжанады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр