Қызылорда облысында 650 дәрігер біліктілігін арттырды

28 Тамыз, 2014 14:32
Бірінші жартыжылдықтың өзінде 650-ден астам дәрігер мен 2000-нан астам орта медицина қызметкері өз біліктілігін арттырудан өтті, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Нәтижесінде бір жылда бірінші санаттағы дәрігерлер үлесі 21-ден 30 пайызға дейін өсті. Бұл жұмыстар әлі де жалғасады. Негізгі мақсат – дәрігерлерге соңғы технологияларды меңгертіп, науқастарды емдейтін мамандарды дайындау.

Осы мақсатта А.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығымен, сондай-ақ, Қазақ медициналық университетімен үздіксіз білім беру жөнінде әріптестік байланыс орнаттылған. Қазіргі таңда мамандарды хирургияның трансплантология секілді қиын бағытына да оқытылып жатыр.

Барлық жаңалықтар