- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Мәдениет және спорт министрлігінің алқа жиналысы өтті
Астанада Мәдениет және спорт министрлігінің алқа жиналысы өтті
Мәдениет және спорт министрлігінің кезекті алқа жиыны Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жағдайында өтіп отыр. Өзгерістер шеңберінде Мәдениет министрлігінің, дін істері, спорт және дәне шынықтыру Агенттіктерінің қызметтері мен өкілеттіктерін біріктіру туралы шешіп қабылданып, Министрліктің ішкі құрылымы өзгертілді.
Министрліктің алқа жиынында сөз алған Премьер-Министрдің орынбасары жаңа министрлік жұмысының стратегиялық бағыттарын атап өтті.
Алдағы негізгі міндет Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген Қазақстанның мәдениет саясатының Тұжырымдамасын қабылдау мен іске асыру.
Спорт пен дене шынықтыру мемлекетіміздің ерекше назарындағы сала. Үкімет бұқаралық спортты дамыту, спорттық резервті дайындау бойынша жұмысты жандандыру, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің ашылуына жаңа серпін беру, маңызды спорт түрлері үшін жаттықтырушыларды даярлау бойынша бөлімшелерді көбейту міндеттерін қойып отыр.
Г. Әбдіқалықова діни экстремизим мен радикализмнің алдын алуға, дін саласындағы заңнаманы бақылауға бағытталған жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті. Үкімет басшысы орынбасарының пікірінше конфессияаралық келісімді нығайту үшін діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастың жаңа тетіктерін ойластыру қажет.
Үкімет тіл саясатында, азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық, ауқымды жалпыұлттық жобаларды іске асыруда жеке міндеттер қойды.
Министрлік қызметінің қорытындылары туралы министр Арыстанбек Мұхамедиұлы баяндады. Салалық комитеттердің басшылары мәдениет пен өнер, спорт пен дене шынықтыру, дін саласының жай-күйі, қоғамдық-саяси жұмысты ұйымдастыру мен тіл саясатын іске асыру салаларындағы жұмыстардың қорытындыларымен бөлісті.
Өз кезегінде, ведомоство басшысы А. Мұхамедиұлы жаңа Министрліктің әлеуметтік саясат саласында үлкен әлеует пен мүмкіндіктерге ие екендігін атап өтті.
Ол министрлік ұжымы өзгерістердің маңыздылығын түсінетіндігін, алға қойылған міндеттерді орындауға және ведомоства құзіретіндегі барлық бағыттар бойынша үлкен жұмысқа дайын екендігін атап көрсетті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы