Бурабайда Қазақстандық құс өсірушілер форумы өтеді

27 Тамыз, 2014 19:32
28-29 тамызда Бурабайда «Береке» қонақ үйінде Үшінші қазақстандық құс өсірушілер форумы өтеді, ол ҚР өнеркәсіп құс өсірушілігінің 50 жылдығына арналып отыр.

Форумға ҚР Парламентінің депутаттары, ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшілері, Қазақстан мен ТМД жетекшілері мен мамандары, агрохолдинг өкілері қатысады.

«Екі күндік форум құс өсірушілік саласында алаң құрып, мемлекет пен бизнес арасында өз қарым-қатынасын орнатуға мүмкіндік береді», - деп құс өсірушілер хабарламасында жазылған.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2013 жылы Қазақстанда құс еті 136 мың тоннаны құрады, 3,8 млрд дана жұмыртқа шығарылды.

«Бұл көрсеткішке өз күштері мен мемлекеттің қолдау есебінде қол жеткізілді. 2013 жылы құс өсіруші кәсіпорындар 14,8 млрд теңгенің субсидиясына ие болды», - деп кеңесте хабарлады.

Барлық жаңалықтар