- Басты
- Жаңалықтар
- «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры Таразда пәтерлерді өткізу басталатыны туралы хабарлады
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры Таразда пәтерлерді өткізу басталатыны туралы хабарлады
Пәтерлер бір шаршы метр үшін 144 мың теңге бекітілген баға бойынша сату арқылы «Тараз қаласы Маяковский көшесі, 42 мекенжайында орналасқан 25 пәтерлі екі тұрғын үй» кешенінен беріледі. 2 және 3 бөлмелі 35 пәтер сатуға қойылған, деп қорда хабарлады.
Сатып алу арқылы пәтер алу туралы өтінімдерді «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 21 қыркүйекте сағ.10.00-ден бастап 6 қазан сағ.10.00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) ішкі ережелерге сәйкес қабылдайды. «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасына Тараз қаласында тұрғын үйі жоқ немесе тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келетін адамдар қатыса алады. Аталған тұрғынжайларды екінші деңгейдегі банктерден кредитке алуға болады.
Өтінім беру үшін www.fnsk.kz сайтына тіркелу қажет. Тіркелуді өтінім қабылдау басталғанға дейін жасап қойған жөн, себебі сайтқа тіркелу үшін электрондық-сандық қол қажет. Тіркелу және өтінім беру жөніндегі нұсқаулықты www.fnsk.kz сайтынан оқи аласыздар.
«Тараз қаласы Маяковский көшесі, 42 мекенжайында орналасқан 25 пәтерлі екі тұрғын үй» ТК Тараз қаласының орталық бөлігінде орналасқан. Пәтерлердің жоспары және тұрғын үй кешенінің орналасқан жері туралы толығырақ «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының www.fnsk.kz сайтынан біле аласыздар.Жариялылық және ашықтық тұрғынжайларды өткізудің жаңа тәртібінің негізін құрайды және пәтерлерді бөлу тәртібі сияқты осындай күрделі әрі жауапты істің мейлінше шынайылығын қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Ә.Көшеров.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар өткізу процесіне енгізілген өзгерістер -
«СҚ-Фармация»: Дәрі-дәрмек қоры, вакциналау және КВИ-мен күресте қолға алынған шаралар