- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Ядролық соғысты алдын алуды әлем дәрігерлері қолдайды» дүниежүзілік конгресіне 50-ден астам елдің делегаты жиналды
Астанада «Ядролық соғысты алдын алуды әлем дәрігерлері қолдайды» дүниежүзілік конгресіне 50-ден астам елдің делегаты жиналды
«Аталмыш форумның Қазақстанда өтіп жатқанының да өзіндік мәні жоқ емес. Өйткені Қазақстан бір кездері ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, бүгінгі таңда ядролық қарусыздану бойынша әлемдік көшбасшы болып саналады. Біз Семей полигонын жаба отырып әлемдегі қуаттылығы жағынан төртінші ядролық қарудан бас тарттық. Дәстүр бойынша елімізде 29 тамыз ядролық қарусыздану күні ретінде аталып өтіледі. Форумның өткізілуі осы орайда ядроға қарсы еркін әлемнің құрылуы жолында дәрігерлердің таңдауының дұрыстығына сенім бере түспек. Сонымен қатар, алдағы уақытта осы бағыттан айнымау қажет. Осы үрдіс сақталады деп үміттенеміз. Барлығыңызға жемісті еңбек, әлемде бейбітшілікті сақтау жолында атқарып жатқан жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», - деп жеткізді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.
Айта кету керек, Конгресс 4 кезеңмен өткізіледі: 14 тамызда Семей қаласынан бастау алып 24 тамызда Астанада мәресіне жеткен «Біз – қарсусыздануды, ядросыз әлемді және денсаулықты қолдаймыз» ұранымен өткен әлемнің 8 елінің жас дәрігерлері, шетелдік және қазақстандық медик студенттердің велошеруі басталды. Сонымен қатар 25-26 тамызда «Астана медицина университеті» АҚ базасында медик студенттердің халықаралық Конгресі өтті. Негізгі Конгресс 27-29 тамыз аралығында Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтуде. Ал 30 тамызда шара делегаттары Семей қаласына аттанады.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың қараша айында «Ядролық соғысты алдын алуды әлем дәрігерлері қолдайды» халықаралық қозғалысы –Нобель бейбітшілік сыйлығы иегерінің тең құқылы президенттері ҚР Президенті Н.Назарбаевқа 2014 жылдың 25-30 тамызы аралығында Қазақстанда 21 Дүниежүзілік Конгресс ұйымдастыру туралы өтініш айтып, оң жауап алған еді.
Өз кезегінде аталмыш халықаралық қозғалыс 1980 жылдың желтоқсан айында құрылған еді. Оны құрған Гарвард қоғамдық денсаулық институтынығң американдық кардиология профессоры Б.Лаун мен Ресей кардиологтары Е.Чазов және Л.Ильин.
Индира Қауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды