- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның 20 моноқаласында дамудың бас жоспарлары қабылданды - вице-министр Қ.Өскенбаев
Қазақстанның 20 моноқаласында дамудың бас жоспарлары қабылданды - вице-министр Қ.Өскенбаев
«Жұмыс жүргізіліп жатыр, 20 қала бойынша бас жоспарлар қабылданды, олардың ішінен Теміртау мен Абай қалалары бойынша бас жоспарлар осы жылдың бірінші тоқсанында қабылданды», - деді Қ.Өскенбаев.Сонымен қатар, ол халықтың болжанатын оңтайлы санын ескере отырып, әлеуметтік және инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға және жаңғыртуға бағытталған бас жоспарларды түзету қажеттігін атап өтті.
Жалпы, осы бағыт бойынша 2013-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспарлар қабылданды, олар Өңірлік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияда толықтай келісілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Моноқалаларды дамыту бағдарламасы осы жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылды.
Бүгінгі күні Қазақстанда моноқалалардың тізбесіне 27 қала кіреді, олардың халқының саны 1,53 млн. адамды құрайды немесе елдің қалалық халқының 16,8 %-ы.
Олардың 16 қаласы тиісті аудандардың әкімшілік орталықтары болып табылады, 11 қаласы аудан орталықтары емес (Степногорск, Текелі, Серебрянск, Курчатов, Шахтинск, Сарань, Қаражал, Лисаковск, Арқалық, Ақсу, Жаңаөзен).
Қазақстан моноқалаларының тізбесін, халқының саны 100 мың адамнан астам Теміртау, Рудный, Жаңаөзен, Екібастұз төрт орташа қаланы қоспағанда, негізінен халқының саны 50 мың адамға дейін шағын қалалар құрайды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады